Оңтүстік Қазақстан облысында ирандық инвесторлар ет комбинатын салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында ирандық инвесторлар ет комбинатын салмақ

02.02.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында ирандық инвесторлар ет комбинатын салмақ

Кездесуде тараптар Бәйдібек ауданында жылдық қуаттылығы 5 мың тоннаны құрайтын ірі қараға арналған мал сою цехының құрылысына байланысты мәселелерді сөз етті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан обылыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш ет комбинаты болашақта етті мұздатып, ауасыз қалташада шығаруды жоспарлап отыр. Жалпы құны 6 300 000 мың теңгені құрайтын жобаны әзірлеу мен жүзеге асыру жұмыстары 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айына жоспарланған.

Айта кетейік, құны 573 866 мың болатын құрылғыларды инвесторлар отандық компаниядан сатып алмақ. Нысанның құрылысы біткен соң мұнда 196 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Шығарылған өнімдер Қазақстанның ішкі нарығында саудаланып, Иран мен Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталады. Сонымен қатар, тараптар, жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастыққа уағдаласты.

Хабарламаларға жазылу