Брифинг барысында облыс басшысы келтірген деректер бойынша, өңірдің экономикасының ілгерілуіне «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы ықпал етіп отыр. Аталмыш бағдарлама аясында өңірде қазір 14 инфрақұрылымдық және индустриялдық жоба жүзеге асырылуда. Олардың жалпы көлемі 159 млрд теңгені құрайды және 4 мың жұмыс орнын ашуға бағытталған.
«Біз сонымен қатар, индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының жүзеге асырылуына үлкен үміт артып отырмыз. 2015 жылы Индустрияландыру картасының аясында құны 50,5 млрд теңге болатын 11 индустриялды және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 655 жаңа жұмыс орны құрылды. Сәтті жүзеге асырылған жобалардың арасында «Азерсун» азық-түлік логистикалық орталығы, «Софи Медгрупп» көпсалалы калиникасы мен Ақтау солтүстік теңіз терминалын айтуға болады»,-дейді А.Айдарбаев.