Орталық осы жылдың мамыр айында іске қосылмақ. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерінің алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі барысында жүзеге асырылады. Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын құруға бағытталған.
Бұл жерде Қазақстан Әскери-әуе күштері техникасына сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нысан пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көлік ұшақтарын жөндеу үшін өндіруші кәсіпорындарға ұшу аппараттарын жөнелту қажеттілігі туындамайды.