Бас қаладан тәулігіне бес мыңға жуық жолаушы сапарға шығады. Вокзал 1800 жолаушыға лайықталған. Мұнда кіргеннен бастап, жолаушыға бірнеше қызмет түрі көрсетіледі.
Саны 120-дан асатын вокзал қызметкерлері екі ауысыммен 24 сағат бойы жұмыс істейді.
Хабарлаушы арнайы бөлмеде отырып, келіп-кетіп жатқан пойыздар кестесі бойынша қазақ-орыс тілдерінде ақпарат береді. Жолаушыға қатысты өзге де қосымша ақпараттарды тарату да - хабарлаушының міндеті.
Ал, вокзалдың барлық аумағының көрінісі күні-түні ауысымды бейнебақылау операторларының назарында. Оларға қойылатын басты талап - қырағылық. Сонымен қатар, вокзал ішінде тәулік бойы «Ана мен бала бөлмесі» жұмыс істейді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.