KFC фастфудының шығу тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

KFC фастфудының шығу тарихы

06.02.2016
KFC фастфудының шығу тарихы

Атаудан брэндтің отанын да аңғаруға болады. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Кентукки штатында, Луисвилде орналасқан.

KFC-дің тарихын айтқанда ең әуелі оның негізін салушы, Полковник Сандерс туралы қысқа болса да айта кеткеніміз жөн. Дэвид Сандерс 1890 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген. 40 жасында ол Корбина қаласында (Кентукки штаты) жанармай бекетін ашып, онда келушілерге өз рецептімен дайындалып, белгілі бір дәмдеуіштер қосылған тауық етін ұсынды. Дәл осы тағам Сандерстің өмірінде шешуші рөл атқарды. Кейінірек тұтынушылар тек жанармай құю үшін емес, дәл осы тағамнан дәм тату үшін келетін болды.

Сандерс «алтын балық» ұстағанын түсініп, оның дәмін арттырып, үлкен ғимаратқа көшірді. 1950 жылы ол Кентуккида танымал болғаны соншалық, штат губернаторы өзі оған Кентукки Полковнигі атағын берді. Осы кезде қазір KFC-дің бетіндегі бейне қалыптасты.

1955 жылы алғашқы қиындықтар пайда болып, Полковник ресторанының сұранысы азая бастады. Бірақ Сандерс қаражат тауып өз ресторанын көбейтіп, 1964 жылы 74 жасында Дэвид Сандерс оларды Кентуккидің кәсіпкерлеріне 2 миллион долларға сатты (ол кезде ресторандардың саны 600-ден асатын).

Полковник 1980 жылы 90 жасында қайтыс болған. Оны KFC-дің бетіндегі бейнедегі өзінің ақ костюмімен жерлегені.

Ол қайтыс болған соң компания бірнеше рет сатылған. KFC-дің иелері «R.J.Reynolds Tobacco» және «Company PepsiCo» сынды компаниялар болды.

1997 жылдан бастап «KFC» америкалық «Yum! Brands» компаниясының меншігінде. Қазір ресторан мәзірінде әртүрлі тағамдар бар. Олардың бәріне ортақ дүние құрамында тауық еті болуында.

Бүгінгі күні әлемнің жүздеген елінде он мыңдаған «KFC» ресторандары бар.

Хабарламаларға жазылу