Қытай қалаларында отшашу қолданғандарға айыппұл салынатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай қалаларында отшашу қолданғандарға айыппұл салынатын болды

08.02.2016
Қытай қалаларында отшашу қолданғандарға айыппұл салынатын болды

Қытайда биылғы Жаңа жыл мерекесінде билік жаңа айыппұл түрін енгізді. Себебі мұнда бірнеше ірі қалада мерекелік отшашу ату салдарынан ауада аса улы қабат қалыптасып, халықтың денсаулығына тікелей қауіп төнген.

Мысалы, Шанхай қаласында от шашқан немесе өзге пиротехника түрін пайдаланған адам 500 юань (шамамен 27500 теңге) айыппұл төлеп , жауапқа тартылады. Билік шығарған бұл заңды қадағалау үшін 300 мың белсенді адам қала көшелерін кезектесіп бақылауға кірісті.

Хабарламаларға жазылу