![Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының 2 ширек финалын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57234.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сербия астанасы Белградта футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды. Плей-офф кезеңінің алғашқы күні алаң иелері Сербия құрамасы Украина, ал Испания Португалия командасымен кездеседі.
Бұл екі матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін тікелей эфирде көрсетеді. Арнамыздан Астана уақытымен сағат 23:20-да Сербия – Украина ойынын тамашалай аласыздар. Матч қайталауын ертең, 9 ақпанда, 18:50-де «Kazsport» телеарнасы көрсетеді.
Сонымен қатар, 2-ші ширек финалда ойнайтын Португалия – Испания матчын Ұлттық арнадан бүгін сағат 01:50-де көре аласыздар. Кездесуді ертең, 9 ақпанда, «Kazsport» сағат 20:30-да қайталайды.
Айта кетейік, футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалына Қазақстан Ұлттық құрамасы да шықты. Еліміздің футзалшылары ертең, 9 ақпанда, Италия құрамасымен ойнайды. Матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының 2 ширек финалын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/106643/)