Қадылбек Жағыпаров: Мұқағали Мақатаев – менің өмірімнің идеалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қадылбек Жағыпаров: Мұқағали Мақатаев – менің өмірімнің идеалы

09.02.2016
Қадылбек Жағыпаров: Мұқағали Мақатаев – менің өмірімнің идеалы

Мұқағали ақынның өлеңдеріне жазылған әндер аз емес.  Әуесқой композитор Қадылбек Жағыпаров ақын қаламынан шыққан туындыларға өзгеше әр беріп, бөлек мәнерде ән жазып жүр. Бүгінде ол толықтай Мұқағали мұраларын жинаумен, оны зерттеп-зерделеумен айналысады.

«Мұқағали – қазақтың маңдайына біткен бағы. Мұқағали – кез келген адамның жанына рухани азық болатын ақын. Қысқа ғұмырында ғасырлық мұра тастап кеткен Мұқағали Мақатаев – менің өмірімнің идеалы»,-дейді ол.

Шұрайлы Шығыстан Елордаға көшіп келгендеріне көп бола қоймаса да, Қадылбек Жағыпаров жары Күншайым Шарапиқызымен Ұлттық кітапханаға келуді жақсы үрдіске айналдырған. Мұқағалидің кітаптарын құныға оқып, тың дүниелерімен танысып, ән де айтады.

Қадылбек Жағыпаровтың ендігі арманы - ақынның құрметіне арнап, үлкен кеш өткізу. Сонымен қатар, шығарған әндерін кәсіби әншілерге табыстауға да ниетті.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу