Байқаудың ұйымдастырушылары - қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы өкілдерінің айтуынша, осы жылы дәстүрлі Орталық Азиялық жоба өзінің ауқымын Азия-Тынық мұхиты аймағына дейін кеңейтті, деп хабарлайды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жобаға 7 мыңнан астам жас суретшілер қатысады деп күтілуде. Ал, 2016 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында фестивальдің финалы өтеді. Оған Бангладеш, Вьетнам, Жапония, Корея, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Түрікменстан, Үндістан, және тағы басқа елдерден фестивальдің 200-ден аса жеңімпаздар қатысады.
Жобаның мақсаты - шығармашыл-дарынды балалар мен жастарды қолдау, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамыту, сонымен қатар, өскелең ұрпағы арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Іс-шара бағдарламасына бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнер саласындағы шеберлер өткізетін әртүрлі интерактивті тренингтер мен шеберлік-сыныптар кіреді.
ЮНЕСКО-ның атаулы күні - Алматы қаласының мыңжылдығын мерекелеуге байланысты «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» балалар шығармашылығының арнайы суретжинағы мен оның таныстырылымы жобаның финалында өтеді.
Жоба ұйымдастырушылары балаларды суреттерін қабылдауда оның тақырыбы мен өлшеміне шектеу қоймайды және оған 3 жастан 17 жас аралағындағы кез-келген бала қатыса алады. Өтініштер 2016 жылдың 1-сәуіріне дейін Ұйымдастырушылық Комитетінде қабылданады (ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Секретариаты, Алматы қ., Абай даңғылы 159).
Байқау қазылары Азия елдерінің басқа да балаларымен бірге фестивальдің финалына шақырылады. Астана мен Алматы қалалары және Қазақстанның 14 облысынан 5 жеңімпазды анықтайды.