«Бұл жобаны ҚТЖ салып жатыр. Нысан 2017 жылдың сәуір айына дейін құрылыс нысандары салынып бітеді. Бір үлкен мердігер түрік компаниясы және жанында қосалқы мердігерлер жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, 2017 жылдың сәуір айына дейін бұл нысан толық тапсырылады. Осы тұрғыда вокзалдың үлкен терминалы бар ғимарат және оған кіретін 2 шақырымнан астам эстакада қамтылады»,-деді ол.
Қазіргі Астана теміржол вокзалы тәулігіне 7000 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңа вокзалдың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі тәулігіне 35 000 жолаушыны құрайтын болады. Атап айтқанда, Астананың жаңа теміржол вокзалы аумағының даму тұжырымдамасы бекітілген болатын.
inform.kz