Қазақстан Ұлттық құрамасы 2014 жылғы Еуропа чемпионы Италия командасын 5:2 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Енді еліміздің спортшылары Испания құрамасымен ойнайды. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ертең, 11 ақпанда, сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ, осы күні Белградта Сербия мен Ресей құрамаларының арасындағы екінші жартылай финалдық матч та өтпек. Бұл ойынның тікелей көрсетілімін «Қазақстан» Ұлттық арнасының көрермендері Астана уақытымен 23:20-дан бастап тамашалай алады.
Қазақстан — Италия 5:2 (2:0)
Голдар: Лео 16 (1:0), Жаманқұлов 19 (2:0), Фортино 23 (2:1), Есенаманов 23 (3:1), Каналь 37 (3:2), Нұрғожин 37 (4:2), Лео 40 (5:2)
Ескерту: Игита 33 — Мурило 20
Қазақстан: Игита, Шамро — Лео, Дуглас, Довгань, Есенаманов, Сүлейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Таку, Нұрғожин.
Италия: Маммарелла, Миарелли — Эрколесси, Габриэл Лима, Алекс Мерлим, Фортино, Романо, Леджьеро, Джассон, Мурило, Онорио, Де Лука, Патиас, Каналь.
Төрешілер: Камил Четин (Түркия), Седрик Пелиссье (Франция).