75 жастағы Хироши Хокетсу (Hiroshi Hoketsu) алғаш рет 1964 жылы Жапонияда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Ол үлкен спортқа арада 44 жыл өткеннен кейін оралды.
Осылайша, 67 жасында Бейжің Олимпиадасында бағын сынады. 4 жыл бұрын Лондондағы дүбірлі додада да төбе көрсетті. Қарт спортшы биылғы Рио Олимпиадасына да бармақ ниетте.
Аттың үстінен түспей жүрген Хироши Хокетсу егер Бразилиядағы Олимпиада ойындарына баратын болса, онда Гиннестің рекордтар кітабына енеді. Өйткені, бұған дейінгі рекордты 72 жасында швециялық мерген Оскар Сван орнатып кеткен болатын.
Хироши алғаш 12 жасында жүйрік тұлпарды тізгіндеген. 60 жылдан бергі ғұмырын ат үстінде өткізіп келеді. Астындағы аты 20 жаста. Оннан аса ірі турнирлерге қатысқан. 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиадаға бара алмады. Ол мінген жылқы мал дәрігерлерінің тексеруінен өтпей қалған.
Хироши Лондон Олимпиадасында 41-ші орынға тұрақтады. Олимпиада ойындарының тарихында соңғы 78 жылда ең қарт қатысушы ретінде тіркелді.
Хироши Хокетсуды айтқан кезде «Құнан» жылқы зауытынан шыққан абсент тұқымды жылқыны айтпай кетуге болмайды. Ол қатысқан 1964 жылғы Токио Олимпиадасында дәл осы қазақ жерінен шыққан абсент күміс жүлдемен оралған еді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.