Бұл туралы жерсеріктік түсірілімдерді талдаған Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілдері мәлім етті.
Тұзды көлдің жоғалып кеткенін жер бетіндегі құбылыстарды сараптап отыратын ЕКА Proba-V шағын-жерсерігі түсірген. Түсірілімде бұрын 3 мың шаршы километр аймақты алып жатқан көлдің бірте-бірте буланып кеткенін 2014 жылдың сәуірінде, 2015 жылдың шілдесінде және 2016 жылдың қаңтарында түсірілген суреттер арқылы дәлелдеген.
Поопо тереңдігінің небәрі 3 метр болатын таяздығы мен оның шөлейтті аймақта орналасқандығы оны климаттық өзгерістерге тым бейім етіп жіберген, деген пікірде ЕКА өкілдері. Бұл көл бірінші рет буланып отырған жоқ. Мұндай жағдай 1994 жылы да қайталанған. Алайда, сарапшылар Поопоның қалпына келуіне көптеген жылдар кетуі мүмкіндігін тіпті оның мүлдем қалпына келмеу қаупі де бар екендігін айтуда.
Сағасы жоқ тұзды Поопо көлі Оруро қаласынан оңтүстікке қарай 130 км аймақта орналасқан және ол құстар қоныс аударарда мекендейтін жер болған. Көл көлемі жағынан Титикакадан кейін әлемде екінші орын алатын, деп жазады lenta.ru.