Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Баспасөз мәліметтеріне қарағнда, комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев сияқты белгілі спортшылар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Ұлттық олимпиада комитеті мен тәуелсіз дизайнерлер қатысқан.
Отырыс барысында комиссия мүшелері спортшыларға берілетін киімнің сапасы мен дизайны және оның мүмкіндігінше ыңғайлы болуы басты талаптар екендігін айтты. Сонымен қатар, комиссия мүшелері киім үлгілері дайын болған соң оны отандық компаниялар тігетінін де сөз етті.
Отырыс барысында комиссия мүшелерінің осы тектес ұсыныс, пікірлері талқыланды. Осы ұсыныстар мен ескертулердің негізінде спортшылардың формаларының нақты дизайны белгіленді.
Айты кетейік, бұған дейінгі Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына барған спортшылардың киімдерін де отандық компания дайындады.