Кезінде Алматыдағы Қазақ музыка театрында әнші болған тұлғаның режиссерлік салада қолтаңбасы қалатынын кім білген?!
Өмірін кино өнерінің дүниеге келу және даму тарихымен байланыстырған Ораз Әбішев 70-ке жуық деректі фильм мен 300-ден астам киножурналдар шығарды. 1936 жылы ол «Ер Тарғында» Сыпыра жырауды, «Айман-Шолпан» операсында Өзбектің, «Қыз Жібек» операсында Сансызбайдың рөлдерін сомдаған.
Ол театр сахнасында Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов,Ғарифолла Құрманғалиев, Қанабек Байсейітовтермен бірге өнер көрсетіп, үлкен мектептен өтеді.
Бірақ, 1938 жылы Ашхабад қаласына іс-сапармен аттанған Ораз Әбішевтің тамағына суық тиіп, сырқаттанады да, сахнаға шыға алмай қалады. Алматыға қайтып келген Ораз Әбішевке Құрманбек Жандарбеков: «Дауыс дегенге сенім жоқ. Кино мамандарын дайындайын деп жатыр, қабілетің бар ғой, кино саласына ауыссаң қайтеді?»,-деген ұсыныс айтады.
Осы кезден бастап әнші Ораз Әбішевтің өмірінде жаңа шығармашылық белес басталады.
«Егер топтап қарайтын болсақ, Орекеңнің бір топ деректі фильмдері еңбек адамдарына арналған. Ол – Ыбырай Жақаев. Бұл айтып жеткізе алмайтын құнды еңбек. Ораз Әбішев – Дина Нұрпейісова, Талғат Бигелдинов, Тәттімбет, Құрманғазы, Мұқан Төлебаев және т.б. тұлғалардан тұтас галерея жасаған адам»,-деп еске алады жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалин.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.