Алматы обьлысы, Жамбыл ауданы, Жаманшы ауылында тұратын Әбдірахановтар шаңырағына жолыңыз түссе, алдыңыздан бір қауым ел күтіп алады. Әсіресе, демалыс күндері отбасындағы 9 баланың басы қосылады. Себебі, балалардың бесеуі маңайдағы ауыл мектебіне барып-келіп оқиды.
32 жасқа дейін дүниеге 9 перзент әкелген Айжан жазға қарай 10-шы сәбиін қолына алмақ. Биыл 9 жасқа аяқ басқан қызы Айерке қазір қолғабыс етуге жарап қалған.
«Өзім де, жолдасым да көпбалалы отбасынан шыққанбыз. Бұл бізге Алланың берген сыйы деп білемін. 6 ұл, 3 қызым бар. Әрқайсының қылықтары әртүрлі. Қыздарым өзіме қолқанат»,-дейді батыр ана.
Балалар бір-біріне қамқор. Үй шаруасына барлығы бірдей көмектесіп, өзінен кейінгі іні-қарындастарына қамқорлық жасайды.
Толығырақ «Таңшолпанда».