Баламалы энергетика қорларын дамыту, климаттық саясат, инвестициялар тарту, заманауи экологиялық құралдарды өндіру, «жасыл» технологиялар, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу салаларында айтарлықтай әлеует бар екені аталып өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ян Шишко: «2017 жылы Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық мамандандырылған көрме маңызды жоба, өйткені көрме бүгінгі Польшаның технологиялық шешімдерін көрсету, екі тараптың ғылыми және бизнес топтарына қызықты алдыңғы қатарлы жобаларды көрсетуге мол мүмкіндік туғызады»,- деді.
Оның пайымдауынша, ЭКСПО Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықты белсендендіруге себепші болмақ. Сондай-ақ, кездесуде өңірлік экологиялық жобаларды жүзеге асыру және «жасыл» технологияларды дамыту тетіктерін құруды қамтитын «Жасыл көпір» қазақстандық бастама шеңберіндегі ынтымақтастық келешектері де талқыланды.
Министр топырақтың азуы, жерлердің шөлге айналуы, Арал теңізі, орманды мекендерді қайта қалпына келтіру және экожүйелерді дамыту жөніндегі қазақстандық жобаларға қызығушылық танытты.