ENIAC компьютері тәжірибелік мақсатта жұмыс істейді. Осы ENIAC-тан қазіргі компьютерлік есептеудің екілік жүйесі құрыстырылған. ENIAC-ты сол кездегі маңызды қажетті шешімін шығару үшін, яғни әскердің кем есептейтін баллистикалық кестесі үшін шығарған
Әскерде зеңбіректер мен авиацияға қажеті баллистикалық кестені кем есептейтін бөлім бар. Бұл бөлімде мамандар Әскери калькулятор қызметінде жұмыс істеді. Әрине, бұл «есептеуіш қордың» қуаттылығы мен өнімділігі әскерде жеткіліксіз.
Сондықтан, 1943 жылдың басында кибернетиктер ENIAC компьютерінің жаңа есептеуіш құрылғысының тұжырымдамасын өңдеуге кірісті. Үш жылдан кейін жұмыстарының жемісімен бөлісті.
Осылайша, қазіргі компьютерлердің алғашқы нұсқалары қолданысқа ене бастады. Әрине, бұған дейін де компьютерлердің түрлі протиптері мен тәжірибелік нұсқалары болды, бірақ ең алғаш шын мәнінде жұмыс істеген электронды цифрлық есептеуіш компьютер – ENIAC. Сондықтан да дәл осы компьютер алғаш таныстырылған күн – 14 ақпан – Компьютершілер күні болып аталып кеткен.
Сызба нұсқасын Пенсильвания университетінің ғалымдары – Джон Преспер Экерт пен Джон Уильям Мокли құрастырған бұл компьютер қазіргілермен салыстыруға мүлдем келмейді. Оның салмағы – 27 тонна болса, ұзындығы – 26 метр, ал биіктігі – 6 метрді құрады.
Американың журналистері бұл жаңалықты бей-жай қалдырмай, ENIAC компьютерін «Орасан ми» («Giant Brain») деп жазды. Қазіргі қолданыстағы компьютерлерге тек екілік жүйені мұра қылып қалдырған есептеуіш техниканың мониторы да, пернетақтасы да болмады.
Құрылғыға бағдарламаны енгізу үшін бөлме ішінде ары-бері жүгіріп жүріп, жүздеген тізбектерді қосу керек болған. Ал оған ондаған сағаттар, тіпті ұзақ бір күн де кететін екен. Осыншама уақытта дайындалған бағдарламаның шешімін ENIAC 20 секундта-ақ шешіп беретін.
ENIAC компьютерлерінің тұтыну қуаттылығы – 150 кВт, ал есептеу қуаттылығы секундына 300 көбейту операциясы мен 5000 қосу операциясын орындауға жететін бүкіл құрылғыны 17 468 лампа қосқан екен. Қолында кәдімгі калькуляторы бар адам 20 сағатта есептейтін мәндердің шешімін ENIAC компьютері бар болғаны 30 секундта-ақ шығарып бере алған.
Осындай ауқымды жұмыстарды оп-оңай біржақты қылып, Америка әскерінің жүгін жеңілдеткен ENIAC компьютері 1955 жылдың 2 қазанында сағат 11:45-те салтанатты түрде АҚШ әскери академиясының музейіне тапсырылды.