Мәселен, әлемдегі ең ұзақ есім 1478 әріптен тұрады. Бұған сену қиын. Бірақ, тарихи ескерткіш орындары, белгілі ғалымдар мен дипломаттардың атауларын бір есімге жинақтаған. Сонымен, әлемдегі ең ерекше есімдердің рейтингісі төмендегідей:
1. Жаңа Орлеандағы америкалық отбасы үшем қыздарының есімдерін Му, Ву, Гу деп атаған. Айтпақшы, америкалықтар басқа ұлттарға қарағанда балаларды жөнсіз атайтын көрінеді.
2. Біраз жылдар бойы Францияда тегі жоқ династия өмір сүрген. Оның орнына 1792 деген сан қолданылыпты. Ерекше болу үшін олар балаларының есімдерін ай аттарымен атауды жөн көрген екен. Бұл отбасыдағы ең танымал есімдер Қаңтар 1792, Наурыз 1792 және Сәуір 1792.
3. Пабло Пикассоны барлығымыз суретші ретінде танып, оның өнеріне тамсанғанмен ерекше есімін бәріміз біле бермейміз. Оның шын есімі Пабло Диего Хозе Франциско де Паула Хуан Непомукено Криспин Криспиано де Ла Сантисима Тринидад Руиз Пикассо болған екен. Мұндай ұзақ есімдер өткен ғасырларда Испанияда сәнге айналған.
4. Американың Чикаго қаласында тұратын отбасы балаларын Аппендицит, Ларингит, Тонзиллит, Перитонит және Менингит деп атаған. Бәлкім, отағасы дәрігерлік жолға түскісі келіп, кәсіби терминдерді атауда «жаттығып» көргісі келген болар!?
5.Үндістанның Кандхмала аймағында ата-ана ұлының есімін «Мен картопты жақсы көремін» деп атаған.
6.Үндістанның бір ауылында тұратын екі баланың есімдерін «Сәлем, Күміс доллар!» және «Сәлем, Екі келі күріш!» деп атаған. Айтпақшы, Үндістан бұрыннан ең ерекше есімдердің көшін бастап келеді.
7. Гавай аралдарында ресторан қожайыны өзінің қызына ерекше есім ойлап тапқан. Ол – Напу-Амо-Хала-Она-Она-Анека-Вехи-Вехи-Она-Хивеа-Нена-Вава-Кехо-Онка-Кахе-Хеа-Леке-Еа-Она-Ней-Нана-Ниа-Кеко-Оа-Ога-Ван-Ика-Ванао деген есімді иеленді. Мұғалімдер мұны сынып журналына енгізуден бас тартты, соның әсерінен біраз айқай-шу да болған екен. Оның қазақ тілінде аудармасы да ұзақ: «Таулар мен жазықтардың көптеген әдемі гүлдері Гавайды ұзындығы мен кеңістігін өзінің ғажап исімен толтырады».