Елбасы Carrefour гипермаркетінен отандық өнімдерді сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Carrefour гипермаркетінен отандық өнімдерді сатып алды

16.02.2016
Елбасы Carrefour гипермаркетінен отандық өнімдерді сатып алды

Сонымен қатар, мұнда Қазақстан Президентіне сауда саласы мен жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды.

Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соның 130-ы – Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50 пайыз болады.

8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияның жалпы көлемі 5 миллиард теңге болды.

 

Хабарламаларға жазылу