Серік Нұрақов - техниканың тілін жетік меңгерген маман. Осы уақытқа дейін 10-нан астам өнертабыстың авторы атанды. Солардың бірі - машина жасау саласы бұйымдарын қайтадан кәдеге жаратуға арналған құрылғы.
Бұл жоба жоғары жылдамдықпен, үрлеп шаңдату, бүрку тәсілі бойынша жұмыс істейді. Өнертапқыштың ашқан жаңалығы заттың сапасын арттырып, темірдің желінуін тежейді. Мақсат - нәтижелерді одан әрі жетілдіре түсу.
«Ендігі бағыт - жобаның тозуға төзімділігін арттыру», дейді С.Нұрақов. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.