Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі манында мұражаймен бірге қонақ үйдің құрылысы жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі манында мұражаймен бірге қонақ үйдің құрылысы жүргізілуде

18.02.2016
Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі манында мұражаймен бірге қонақ үйдің құрылысы жүргізілуде

Баянауыл ауданында Мәшһүр Жүсіп кесенесінің жанында демеушілердің арқасында Мәшекеңнің мұражайымен бірге жаңа қонақ үйдің құрылысы басталған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев тұрғындармен өткізген есептік кездесуде мәлім еткен.

«Біз жерлестерімізді мақтан тұтамыз. Үкіметтің тапсырмасы бойынша көшелер мен объектілерге ардагер-батырлардың есімдерін беру жұмысы жүргізілді. Аса мақтанышпен екібастұздық жерлесіміз, «Восточный» кенішінің механигі Әмренов Рышат Бабайұлы туралы атап өткім келеді. Ол ең жоғары белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталған Павлодар облысының бірінші өкілі. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтыста жерлесіміз Аспанбек Шұғатаев басты жүлде – «Алтын домбыраға» ие болды, - деді Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, өткен жылы демеушілер есебінен Баянауыл ауданында белгілі жерлесіміз, кинорежиссер Шәкен Аймановқа арналған ескерткіш ашылған. Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың 90 жылдығы, Железин және Успен аудандарының 80 жылдығы  мерекеленді. Сонымен қатар Чехов атындағы облыстық драма театрының 70 жылдық, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрының 25 жылдық мерейтойлары аталып өтті.

Хабарламаларға жазылу