Биыл Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді.
«Ең беделді халықаралық ұйымдардың бірі ЮНЕСКО Әлихан Бөкейхановтың мерейтойын атап өтуді күнтізбесіне енгізіп отыр. Бұл - ұлы тұлғаға деген үлкен құрмет. Сондай-ақ, қазақ елінің мойындалуы деп білеміз.
Әлихан мұрасын ұрпақ санасына сіңіруіміз керек. Еңбегін айта отырып, ісін жалғастыруымыз қажет.
Ол - қайраткерлігімен қоса қаламгерлігін қатар алып жүрген сан қырлы тұлға. Азаттық жолындағы күресте қолданған жалғыз қаруы - қаламы болды. Оның әрбір ойы - бүгінгі күнмен өзектес, ертеңіміз үшін де өте қажетті. Сол айтылғандарды санаға сіңіріп, жүзеге асыру жолында біріксек, сонда біз Мәңгілік елге айналамыз», дейді алаштанушы ғалым.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.