Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы біршама жеңілдейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы біршама жеңілдейтін болды

19.02.2016
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы біршама жеңілдейтін болды

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің ақпарат бақармасы хабарлады.

Онда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру ережесіне бірқатар толықтырулар енгізілгендігі айтылады. Өзгерістер енгізілген құжатқа  Инвестициялар және даму министрлігінде қол қойылды.

Мүгедектер үшін теміржол вокзалдарындағы теміржол көлігі саласындағы қызметтер қолжетімді болуы үшін төмендегі міндеттер орындалуы тиіс:

1) мүгедектердің автокөлік құралдары үшін арнайы жол белгілері орнатылған орын бөлу;

2) қозғалысы шектеулі жандар үшін ғимараттарды, ғимараттардың кіреберісін (ғимаратқа кіру, баспалдақ), ғимараттың ішіндегі жолдарды ыңғайлы ету;

3) ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, құлақтары мүкіс, көруі нашар мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық белгі беру және байланыс құралдарымен жадықтау;

4) тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедектер мен қозғалысы шектеулі жандарды алып жүретін арнайы кресло - арбаның болуы;

5) мүгедектерге арналған кресло-арбамен қозғалатын тұлғаларға ыңғайлы болу үшін қоғамдық дәретханаларды арнайы кабиналармен жабдықтау;

6) мүгедектерге арналған кресло-арбамен қозғалатын тұлғалар үшін арнайы таксофондар орнату. 

Хабарламаларға жазылу