Бұл туралы бүгін astana.gov.kz сайты хабарлады.
Бүгінде коммуналдық қызметтер қала аумағынан 2 145 666 тонна қар шығарған. Жеке тұрғын үйлер мен аула аумақтарындағы қар арнайы орындарға жеткізіледі. Бүгінде елордалық аумақтық шағын жүйенің азаматтық қорғау қызметтерінің бекітілген тізімі төтенше су тасқыны жағдайларын жою жөніндегі 21 қызметтен, 238 адам мен 568 бірлік техникадан тұрады, соның ішінде жедел әрекет ету қызметінде 125 адамнан құрылған отряд пен 48 бірлік арнайы техника бар.
«Басты міндетіміз – жеке тұрғын үй секторындағы қарды шығару, сондай-ақ, аула арасы мен аумақты тазалау. Сондай-ақ, еріген қар суларын өткізу және жолдар мен тұрғын үйлерді су баспауы үшін кәріз қақпақтарын, нөсер кәрізі жүйесінің жақтауларын мұздан тазарту керек»,-дейді Астана қаласының ТЖД басшысы Барат Дұзақбаев.