Ұлттық экономика министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық экономика министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

19.02.2016
Ұлттық экономика министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

Дәурен Мұратбековтың екі жоғары білімі бар, ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «қаржы бакалавры» мамандағы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Заң департаментінің директоры қызметіне дейін көтеріліп, барлық кәсіби өсу баспалдақтарынан өткен.

2006 жылдан бері ҚР ЭжБЖМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің  сарапшы, бас сарапшы, ҚР ЭДСМ Экономика салаларын дамыту департаментінің басқарма басшысы  лауазымдарында жұмыс істеген.

2011 - 2014 жылдары «Ұлттық инновациялық қор» АҚ орталығы директорының орынбасары  және «Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ орталығының басқарушы директоры қызметтерін атқарған.  2014 жылдан бері  ҚР ҰЭМ Заң департаментінің директоры.

«Әдеп жөніндегі уәкілдің  міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы  заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу  профилактикасы және оған жол бермеу шараларын қамтамасыз ету кіреді»,деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу