«Бірге таңдаймыз!» Астана тұрғындары қандай азық-түлікті қолданады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз!» Астана тұрғындары қандай азық-түлікті қолданады?

20.02.2016
«Бірге таңдаймыз!» Астана тұрғындары қандай азық-түлікті қолданады?

Отандық өнім әркезде өзінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша танылып келеді.

Тауарлардың кең қолданысқа енуіне қолдау көрсету мақсатында «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасының шығармашылық тобы тікелей эфирдегі кезекті шығарылымын Астанадағы ірі дүкендердің бірінде өткізді.

Көрермендер мен дүкенге келген сатып алушылар бағдарлама жүргізушісімен бірге дүкен сөрелерінде тұрған ұн, ет, сұйық май, сүт, нан өнімдерімен жіті таныс болды. Сонымен қоса, әрбір келген тұтынушы ұлттық өнімдердің артықшылықтары туралы білгендерімен бөлісті.

Түсірілім кезінде көрермендер тұтынушылардың көп бөлігі «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен басылған өнімдерді таңдайтындықтарына көз жеткізді.

Бағдарлама барысында еліміздің аймақтық кәсіпорындарымен тікелей эфир ұйымдастырылып, арна журналистері көрермендерді азық-түліктердің жасалу барысымен таныстырды. Мұндай шаралардың басты мақсаты - көрермендердің қызығушылықтарын арттыру ғана емес, сонымен қоса, ұлттық өнімдерді қолдануда қоғамдық мәдениетті қалыптастыру.

Жоба бұдан әрі де өз көрермендерімен қызықты және пайдалы кеңестерімен бөлісіп тұруға дайын.

Хабарламаларға жазылу