Ұлыбританияда ғалымдар ұнтақ түріндегі құрғақ суды ойлап тапты. Олар: «бұл зерттеме қоршаған ортаны қорғаудың тиімді құралы болуы мүмкін», дейді.
Алғаш зерттемені АҚШ-та өткен ғылыми көрмелердің бірінде таныстырған.
Бұл зат екі құрамдас бөліктен тұрады: су және кремнеземнен.
Ғалымдардың айтуынша, құрғақ су кәдімгі судан бірнеше есе артық. Өйткені, құрғақ су газдың кейбір түрлерін жұтып алуға қауқарлы. Сондай-ақ, араласпайтын сұйықтықтарды қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, затты мұнаймен оңай қосуға болады. Кәдімгі сумен бұл әдіс мүмкін емес еді.