Киви жемісінің отаны Қытай елі болып саналады. Бірақ, бүгінде жеміс әлемнің көптеген елінде өсіріледі.
Кивидің 84 пайызы судан және ақуыз бен майлардан, көмірсудан тұрады. Жеміс калориясы аз болғанымен, құрамындағы микроэлементтермен дәрумендер адам ағзасына пайдалы. Кивидағы актинидин ферменті ақуыздарды ыдыратып, қанның ұйып қалуын қалпына келтіреді. Сонымен қатар, асқорыту жүйесіне жақсы әсер етеді.
Жеміс С дәруменіне бай болғандықтан жұқпалы індеттерге қарсы адам иммунитетін жақсартады. Сондай-ақ, жемісті үнемі жеу холестеринді шығарып, ағзадағы жағымсыз нитраттарды бейтараптандырады.
Киви жүрек-қантамырлары ауруы мен қатерлі ісік ауруларын алдын алады. Жеміс құрамындағы микроэлементтер қылтамырларды бекітіп, тромбоз бен атеросклероздың пайда болу қауіпін бәсеңдетеді. Киви ағзадағы артық тұзды шығарғандықтан бүйректе тастың қалыптасуын болдырмайды.