Павлодар қаласында ІІІ аймақтық жас математиктер турнирінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында ІІІ аймақтық жас математиктер турнирінің жеңімпаздары анықталды

22.02.2016
Павлодар қаласында ІІІ аймақтық жас математиктер турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Жас математиктердің аймақтық жарысына Астана, Павлодар қалаларынан алты команда, Қарағанды, Алматы облыстарынан екі команда, Алматы қаласынан және Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінен бір командадан барлығы 7-8 сыныптардан 108 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес турнирдің бірінші кезеңі командалық Олимпиада, екінші кезеңі жазбаша түрде өтті», - дейді орталық директоры Гаждембек Тұрсынов.

Бірінші лигада 1-орынды, яғни турнир Кубогын Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі командасының құрамында Динара Карсенова, Асылхан Шонов, Ислам Муратов, Алуа Шамшиден, Арайлым Авид, Жандос Абдыгалиев  иеленді.

Екінші лигада 1-орынды Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының «Жалын» командасының құрамында сынға түскен Руслан Малюгин, Данил Акулинин, Александр Трофименко, Федор Четвериков, Ілияс Рашитов, Андрей Крюков жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу