Әмірхан Балқыбектің әрбір жазған мақаласында, өлеңдері мен сөйлеген сөздерінде әдебиеттің мұңы мен түркі әлемінің ар-ожданы тұрады. Әкесі Жұмабек баласын кішкентайынан кітап оқуға баулыды, әдебиетке бағыттады.
Ауылда жүріп-ақ, батыс пен шығыс әдебиетін оқып тауысқан ақын кез келгенді ұшан-теңіз білімімен таң қалдыратын. Ол аңыздарды, түркілердің көк бөрі тотемін зерттеді. Әмірхан Балқыбектің кітап жинау мәдениеті де оның бір қыры.
«Әмірхан Балқыбек – бір сөзге, бір мамандықтың аясына сыймайтын таңғажайып энциклопедиялық білім иесі. Ол аз ғана ғұмырында өте көп жұмыс атқарған қаламгер. Ол – ақын, жазушы деген сөздің аясына сыймайды. Ол – әдебиетке үлкен дайындықпен келген жан-жақты білім иесі»,-дейді ақын Қасымхан Бегманов.
«Кітап маған тақтан да қымбат»,-дейтін Әмірхан ақын күнделікті тіршіліктен, қоғамнан тыс өз әлемінде, кітап әлемінде өмір сүрді.
Ақын Маралтай Райымбекұлы: «Үш жүз досым бар дейтін. Үш жүз досы – үш жүз кітаптың автор. Оның ішінде Гомер де, Бальзак та, Байрон да, өзіміздің алыптар да бар».
Талғампаз оқырман ретінде ол өзінің кітапханасын аса ұқыпты, әрі жүйелеп жинаған. Кітаптардың барлығында ақынның қолтаңбасы бар.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.