2016 жыл - ЮНЕСКО көлемінде Ахмет Яссауи жылы деп жарияланды. Осы айтулы оқиғаға байланысты аймақта ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар барысына тоқталған әкім: «Алдымызда үлкен шара тұр. Бас жоспарға сәйкес, біраз өзгерістер енгіземіз.
Қала аймақтарын абаттандырып, ескі ғимараттардың орнына ортағасырлық бағыттағы жаңа ғимараттар салынады. Оған шетелден инвестиция тартылып жатыр. Келесі айда біраз жобалармен танысамыз. Үлкен іс-шара болғандықтан, дүние жүзінен қонақтар келеді. Сол себепті, абаттандыруға мән беріп отырмыз»,-деді.