«Түнгі студияда» - Марат Көккөзов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Марат Көккөзов

24.02.2016
«Түнгі студияда» - Марат Көккөзов

Ұлттық мәдени өнеріміздің қара шаңырағы саналатын «Тамаша» әзіл-сықақ театры талай талантты танымал етті.

Алғаш 1978 жылы тұсауы кесіліп, содан бері өнер сахнасында көрермендерінің көзайымына айналған театр әзілдерін халық әлі де асыға күтеді.

Ал, «Тамашаның» тарландары Тоқсын Құлыбаев, Уәйіс Сұлтанғазин, Құдайберген Сұлтанбаев, Мейірман Нүрекеевтердің өнері ұмытылмайды.

Осындай өнер иелері негізін қалап кеткен ұжым бүгінде жас дарындарға да кенде емес. Солардың бірі – Марат Көккөзов.

Әзіл-сықақшы бүгін 22:55-те «Түнгі студияда» көрерменді күлкіге қарық қылып, ән де айтады. Ұлттық арнамен бірге көріңіз.

Хабарламаларға жазылу