Тұрғындармен есептік кездесуінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек әлеуметтік желілер, солардың ішінде Instagram қалалық мәселелерді тез шешудің ең тиімді алаңына айналғанын айтты.
Соның көмегімен туындаған түйткілдердің түйінін тарқатуда қолғабыс жасап отыр екен. Суреттер арқылы нақты жауаптар беріп, азаматтардың белсенділігі арқасында түрлі мәселелер де шешілуде. Есеп бойынша парақшада қазірдің өзінде 56 мыңнан аса адам тіркелген.