Қайырбек Өскенбаев: Үлескерлер мәселесі келесі жылы толық шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырбек Өскенбаев: Үлескерлер мәселесі келесі жылы толық шешіледі

26.02.2016
Қайырбек Өскенбаев:  Үлескерлер мәселесі келесі жылы толық шешіледі

Бұл туралы Сенат комитетінің отырысында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Сондай-ақ, вице-министр  «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» заң жобасы туралы баяндады.  Осыған дейін үлескерлер үшін 3 тетік бойынша баспана салуға болатыны айтылып келген. Енді бұл тетіктерге нақтылы талаптар енгізілмек. 

Мәселен, үлестік салымдарды кепілдендіру және екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бойынша тұрғын үй салу үшін құрылыс компаниясы еңбек нарығында кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, Астана, Алматы қалаларында 18 мың, өзге өңірлерде 9 мың шаршы метр аумағындағы тұрғын үй тапсыруы шарт. Ал,  үшінші тетік бойынша талап тіпті қатаң. 

Хабарламаларға жазылу