Ұшақтың пайда болу тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақтың пайда болу тарихы

27.02.2016
Ұшақтың пайда болу тарихы

Ал мұндай аппаратты бірінші 1660 жылы ағылшын Роберт Гук жасамақ болған. Бірақ, оның жасаған үлгісімен ұшуға ешкім бата алмады.

1842 жылы Хенсон есімді ағылшындық бу машинасымен қозғалысқа келетін қанатты аппарат жасап көрмек болды. Бірақ, ол тым ауыр болып ұша алмады.

Тек 1870 жылы Джордж Кейли ұшақ жасауға арналған пропеллердің теориялық есебін ұсынды. Оның идеясымен орыстың теңіз инженері А.Ф.Можайский алғашқы ұшақты құрастырып ұшты. Бұл – 1882 жылдың жазы екен.

Бірақ ол 1897 жылы неміс конструкторы Аддер құрастырған «Авион» ұшу аппараты сияқты бірнеше секундқа ғана жоғары көтерілді.

Арада 6 жыл өткен соң Орвил және Уилбор Райтами есімді ағайындылар құрастырған үлкен аэроплан аспанға ұшады. Оның пропеллері бензинді қозғалтқышпен жұмыс істеп, 12 секундта 50 метр аумақты ұшып өткен.

1909 жылы ағайындылар сағатына 60 км жылдамдықпен ұшатын ұшақ жасап шығарды. Америка мен Еуропа елдері дәл осы үлгіге қарап ұшақ шығара бастады.

Хабарламаларға жазылу