Абай қорық-мұражайында «Абайдың ән-күй мұрасы» атты жаңа экспозиция ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай қорық-мұражайында «Абайдың ән-күй мұрасы» атты жаңа экспозиция ашылды

03.03.2016
Абай қорық-мұражайында «Абайдың ән-күй мұрасы» атты жаңа экспозиция ашылды

Данышпан ақын  ұлы Абай  қазақтың ән-күй мұрасына үлкен үлес қосып, артынан мол мұра қалдырып, халықтың жүрегінен орын тапты. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген Абай, музыканың да адам өміріндегі өзгеше орнын басқадан ерекше сезген. Абай әнді ермек үшін де, қосымша кәсіп болсын деп те шығармаған. Ол жан сырын халыққа тек поэзия тілі арқылы ғана жеткізіп қоймай, халқымен музыка арқылы да тілдесуді жөн көрген.

Көрмеге Абай қорық-мұражайының құнды жәдігерлері қойылды. Олардың ішінде музыка әлеміне тікелей байланысты қазақтың  музыкалық аспаптары домбыра, қылқобыз, дауылпаз, асатаяқ сияқты өзге де жәдігерлер қойылды.

«Мұражай қорынан А.Шәкәрімұлының шапаны, әнші, композитор М.Ешекеевтің домбырасы, концерттік костюмы, Шәкәрім әндерін насихаттаушы К.Өлмесековтің шапаны мен бөркі көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, музыка әлеміне байланысты мұражай қоры және ғылыми кітапханасынан құнды сирек кітаптарды да көруге болады, -деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу