Қала әкімінің орынбасары ғасырдан астам уақыт ғұмыр кешкен аналарды алдыда келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аналарға қала әкімінің құттықтау хаты мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, аналардың иықтарына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Өз кезегінде қуаныш иелері қала басшылығы көрсеткен құрметке ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.