Мерекелік сыйлықтар мұнымен шектелмейді. Ұлттық музейде бүгін сағат 11-де «Менің анам» атты балалардың көркемсурет көрмесі ашылады.
Шараның басты мақсаты – балалардың шығармашылық жұмысын көрсету және жасөспірімдерді эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу. «Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусымынан жұмыс істей бастады.
Үйірмеде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мұхтар Байбосынов дәріс береді. Айта кетейік, жарты жыл ішінде балалардың жұмыстары Ротари қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Astana Art Festival» байқауының арнайы сертификаттарын жеңіп алды.