ОҚО-да түрік инвесторларының қатысуымен 9 жоба жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да түрік инвесторларының қатысуымен 9 жоба жүзеге асырылуда

04.03.2016
ОҚО-да түрік инвесторларының қатысуымен 9 жоба жүзеге асырылуда

Сапар барысында «Akgun Insaat Makina Sanayi», «PlasWin», «TADES», «ES Ipekli Tekstil» компанияларының басшылары «Оңтүстік», Қазақ-Түрік индустриялды аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, облыс басшылығымен кездескен түрік бизнесмендері оның ішінде сол елдің ірі тамақ өнеркәсіптерінің бірі саналатын «TADES» компаниясы өңірімізге кондитерлік фабрика салуға ниетті екенін білдірді.

Аталған компания алғашқы кезеңде кондитерлік фабрикада попкорн, тәтті күлше және дайын таңғы ас өңдіруді жоспарлауда, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл сапар оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің Түркияға жасаған роудшоуы барысында «Оңтүстік» және «Икителли» индустриялды аймақтар арасында жасалған келісім аясында жүзеге асып отыр. Бүгінде облыс әкімдігі мен «Оңтүстік» индустриялды аймақтарды басқарушы компаниясы» өңірімізге түрік инвесторларын тарту мақсатында белсенді жұмыс атқаруда.

Мәселен, басқарушы компания осы мақсатта Түркияға 4 іс сапарын жүзеге асырып, онда Анкара, Стамбул, Измир, Газиантеп, Адана, Коня, Анталья қалаларында бизнес-форумдар мен екіжақты кездесулер өткізді.

Нәтижесінде өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында, түрік кәсіпкерлерінің белсенділігі артты. Яғни, осы жылдың алғашқы 2 айында Оңтүстік Қазақстан облысына 15-ке жуық түрік компаниясы келсе, өткен жылы 32 түрік компаниясы іскерлік саяхат жасаған.

Қазіргі таңда, алаңы 50 гектар болатын Қазақ-Түрік индустриялды аймағында, түрік инвесторларының қатысуымен 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, түрік инвесторларымен келіссөздер барысында 30 әлеуетті инвестициялық жобалардың тізімі анықталып, бүгінде осы жобалармен тығыз жұмыс жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу