Оларға бұл маратапттарды Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдау барысында облыс әкімі Амандық Баталов табыс етті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстың аудан-қалаларынан шақырылған 200 әйел қатысқан мерекелік қабылдау барысында өңір басшысы А. Баталов соғыс және еңбек ардагерлеріне, Құрметті азаматтарға, қоғам қайраткерлеріне, көпбалалы аналар мен әр саланың озат қызметкерлеріне өзінің алғысын жеткізді. Өз сөзінде қазіргі қоғамда әйелдер отбасынындағы аяулы ана, жақсы жар болу міндетімен қатар кәсіби қызметте де белсенді жұмыс істеп жүргенін атап өтті.
«Біздің қоғам – үлкен үй сияқты, мұнда да сіздер өз шаңырақтарыңыздағыдай жас ұрпаққа қамқорлық жасап, қарияларға қызмет етіп жүрсіздер. Сіздер сонымен қатар, қашанда ортаның тыныштығына тірек болып, шырайын кіргізіп келесіздер. Үздік саясаткер де, табысты кәсіпкер де, талантты ғалым да, білікті дәрігер де, ұлағатты ұстаз да – әйелдер. Осы мерекеде сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, шаңырақтың шаттығын тілейміз», - деді А.Баталов.
Мұнан соң облыс басшысы бірқатар аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа», облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Өз кезегінде әйел азаматтар да мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдауға ризашылықтарын білдірді.
Аналар мен аруларға сыйлықтар беріліп, олар қазақ эстрадасы өкілдерінің орындауындағы концертті тамашалады.