Қазақ радиосы - ақпарат ағынының көшбасшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосы - ақпарат ағынының көшбасшысы

04.03.2016
Қазақ радиосы - ақпарат ағынының көшбасшысы

Тыңдарманға тәулік бойы хабар тарататын Қазақ радиосы - еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі.

Радиоарна республика тыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының шекаралас аймақтарына тарайды.

Сондай-ақ, әлемнің әр түкпірінен онлайн режимінде тыңдау мүмкіндігі бар.  

Радио ұжымы қызықты хабарлар және маңызды бағдарламалардан бөлек, жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөліп келеді. Редакция тілшілері әлемнің түрлі аймақтары мен елімізде болып жатқан сан түрлі оқиғаларды жедел түрде әрі жан-жақты жеткізіп отырады.

Жаңалықтар қызметінің күнделікті эфир уақыты 06:00-ден 21:30-ға дейін жалғасады. Осылайша, қоғам тынысына айналған Қазақ радиосынан күннің ең өзекті оқиғаларын тыңдай жүріңіз. 

Аймақтық жиіліктері 

Хабарламаларға жазылу