Өмірзақ Қожамұратов - ақын, көптеген аймақтық бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері. Ол 1936 жылы 6 наурызда Өзбекстан Республикасының Бұқар облысында туған.
Алғашқы еңбек жолын мектеп мұғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен.
Тарихи Отаны Қазақстанға келгеннен кейін Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды.
Шығармалары елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көре бастаған. «Жиделі Байсын», «Таңғы дауыс», «Ой кешу», «Күн астында - құдірет», т.б. жыр жинақтары жарық көрген.
Өзбекстанның қазіргі Науаи облысы, Үшқұдық қаласының №4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамұратов есімі берілген.