Қазгидромет: Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болады

10.03.2016
Қазгидромет: Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болады

Кең ауқымды антициклон осы күнде Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының ауа райына

ықпалын жалғастыруда. Осы аймақтарда болып жатқан жауын-шашынсыз аязды күндер осы антициклонмен байланысты.

Алайда, антициклонның Сібірдің оңтүстігіне кері қайтуына байланысты 12 наурыздан бастап, ауа температурасы жыли бастайды.  Ал, батысқа жақын өңірлерде циклон қалыптасып, оның салдарынан алдағы үш тәулікте күн жауын-шашынды болып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне батыс циклонымен байланысты жылы атмосфералық ағымдар әсер етеді. Алайда, бұл аймақтарда да күн жауын-шашынды болып, таулы аймақтарда ылғалды қар түседі.

Хабарламаларға жазылу