Қазақстанда 3 мыңнан астам адам бүйрегін ауыстыруға мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 3 мыңнан астам адам бүйрегін ауыстыруға мұқтаж

11.03.2016
Қазақстанда 3 мыңнан астам адам бүйрегін ауыстыруға мұқтаж

Созылмалы бүйрек дертіне шалдыққан науқастарға көбіне туған-туыстары ағзасын береді. Алайда, олардың көбінің анализдері бір-біріне сәйкес келмейді.

Бір нашары – бүйрек дерті ерте кезеңінде еш сезілмейді. Адамның бойында әлсіздік, ұйқысыздық, тамаққа тәбеттің болмауы секілді белгілері ғана болады. Бұған ешкімнің аурумын деп қарамайтыны белгілі. «Осылайша қатерлі дерт соңғы сатысына өтіп кетеді»,- дейді дәрігерлер.

Тағы бір ескеретіні, бүйрек ауруы жүрек қағысына қатты әсер етеді. Соның салдарынан, кейбір науқастар диализге жетпей қайтыс болып кетеді екен.

«Астанада бүйрек дертінің ауыр түріне шалдыққан 242 науқас бар. Олар аптасына үш рет гемодиализ қабылдайды. 112 адамның бүйрегі ауыстырылып, олар қазір қалыпты өмір сүріп жатыр. Ал, ел бойынша 3 мың адамның бүйрегін ауыстыру керек болса, соның 30-ы бала», дейді Астана қаласының бас нефрологы Думан Төребеков.

Сюжеттің видео нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу