«Дауа». Бас сүйек, ми жарақаттары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дауа». Бас сүйек, ми жарақаттары

12.03.2016
«Дауа». Бас сүйек, ми жарақаттары

Дәрігерлер бас сүйегі мен мидың жарақаттарын ашық және жабық жарақат деп екіге бөліп қарастырады.

Ашық жарақат дегеніміз – бұл бастың жұмсақ тіні, ұлпаларының тұтастығының бұзылуы, сүйектің ашық сынуы және мидың қатты қабығының зақымдануы.

Жабық бас-ми жарақаты – тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылмай зақымдану. 

Әдетте, баланың тамағы, іші ауырса, ата-ана білген ем-домын үйде-ақ жасай береді. Алайда, бала құлап, соның салдарынан басын жарса, не істеу керек екенін білмей, абыржиды. 

Бүгін 10:05-те «Дауа» хабары бас сүйек, ми жарақаттары туралы мәлімет бермек.

 

Хабарламаларға жазылу