«Сағындырған әндер-ай» - дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан ретро әндер кеші.
Кештің ұйымдастырушысы Майра Ілиясова бір сөзінде: «Мақсатымыз - ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл - «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», деген болатын.
Әр кезеңнің естелігін, сағынышын еске салатын әндер кешін халық қашанда асыға күтетіні белгілі. Сағындырған сонау жылдарды әннің құдіретімен еске түсіретін кеш көзі қарақты көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.
Бүгін Ұлттық арна сағат 14:05-те көрермен назарына «Сағындырған әндер-ай» кешін ұсынады.