Жақында әнші Сейіл Аяған Қарағанды қаласында шығармашылық кешін өткізген болатын. Осыған орай бүгін әнші таңғы бағдарламада қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Қарағандыда өткен кеште ұстазым Қорабай ағамызбен таза гитарамен 27 рет ән айтылды. Ол кісінің өнерде жүргеніне 50 жыл болған. Сол 50 жыл бойы тыңдап келе жатқан тыңдармандар келді. Бұл кеш өзге өңірлерде де жалғасын таппақ»,-дейді әнші.
«Кейінгі кездері гитараға жастар қызығып келеді. Есті ән айтатын жас көп. Қазір шәкірт іздеп жүрмін. Кезінде өзім айта алмаған әндерді айтқызғым келеді. Бұл аспапты сөйлетсе, сөйлеп береді».
Әншінің орындауындағы «Мен сені сүйген көктем бұл» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.