«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының ертеңгі қонақтары тізімі қатарында «Алтын адам» тігін фабрикасының директоры, дизайнер Айжан Нұрланова, заңгер Мәдина Уатбекова және әнші Айдана Меденова бар.
Сондай-ақ, бағдарламадан бұғының қанымен емдеу жолдары, психикалық кеңес, эмоцияны бақылау,тежеу, көктемгі ағаш егу, еліміздегі той ұйымдастыру орталықтары жұмысы туралы толыққанды ақпарат ала аласыздар.
Мағира Қожахметованың 70 жылдық мерейтойы туралы сюжетті де таңғы бағдарламадан көріңіз.
Естеріңізге сала кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасы эфирге 07:00-10:00 аралығында шығады.