«Ұлыстың ұлы күні - біздің қазақ халқына тән, жалпыұлттық мереке. Менің ұсынысым – наурыз айы басталысымен адамдар бір-біріне қызғалдақ гүлін сыйлауды дәстүрге айналдырса, ол өте дұрыс болар еді»,-деді ол.
Ғалымның пікірінше, әсіресе мектеп оқушылары үшін 14-24 наурыз аралығы демалыс күндері болып бекітілсе, Наурыз үлкен шараға айналар еді.
«Біз әдетте өзгенің атаулы даталарын дүркіретіп өткізіп жатамыз. Ал өзімізге келгенде жаңағы белсенділік, ұйымшылдық байқалмайды. Наурыз мерекесі ұлттық деңгейге көтерілуі үшін тұтас қоғам болып жаңа бастамаларды қолдап, қолпаштап отырсақ, жағдай жақсы жаққа қарай өзгеретіні сөзсіз, - деді Ғ.Есім.